$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағанды облысында 150-ге тарта елдімекенге тасқын қаупі төніп тұр

14.02.2024ж. 20:00
766
Қарағанды облысында 150-ге тарта елдімекенге тасқын қаупі төніп тұр

Қарағанды облысында 150-ге тарта елдімекенге тасқын қаупі төніп тұр. Қазір өзен- көлдер мен су қоймалардың жағдайы жан- жақты тексеріліп жатыр. «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысында құзыретті мекемелердің көктемгі селдің алдын алу шаралары таныстырылды.

Жыл сайын Қарағанды облысында 150- ге жуық елдімекенге тасқын қаупі төнеді. Биыл да жағдай сондай. Ауа райын болжаушылар мен құтқарушылардың айтуынша, өткен күз бен қыс айларында жауын- шашын көп түскен. Топырақтың ылғалдылығы жоғары. Оның үстіне қар қалың.

Ақылбек АХМЕТЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Күз айларында, қыс айларының өзінде жаңбыр жауып жылы болып тұрды. Өте көп жауын- шашын болды. сондықтан топыраққа су көп сіңіп алған. Ол мына қысқа кірген кезде топырақтың ылғалдануы жоғары. Ол нені көрсетеді? Ол көктемде қар ерігенде су жерге сіңбей, өйткені топырақ ылғалды, ол жаңағы сай саймен барып елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін».

Қазір өңірде Самарқанд, Ащысу, Ынтымақ, Шоқай, Жартас секілді ірі тоғандар қадағалауды қажет етеді. Әзір жағдай тұрақты. Алайда күн жылып, су жібергенде арнасынан тасып, жағдай ушығуы мүмкін.

Ибадулла МЫРЗАЕВ, «ҚАЗАҚСУШАРУАШЫЛЫҒЫ» КМК ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Суқоймада су өлшегіш құралдарымыз бар. Төменге тастайтын кезде төмендегі елді мекендер аудан, ауыл әкімшіліктері, төтенше жағдай бөлімдеріне барлығына тиісті ақпараты беріп отырамыз су ашқан жағдайда.

Абай БАҒЧАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Алдағы уақытта қандай бір кемшілік, атқарылмай қалған жұмыстар болса біз жауапты органдарды, жауапты тұлғаларды партиялық бақылау комиссияның отырысына шақырып ол кісілерге рекомендация беретін боламыз.

Негізі аймақта 50 су қойма есепке алынған. Олар жыл сайын жабдықталып, тексеріліп отырады.

Мира МАХАТЧИНА, «ҚАРАҒАНДЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫ» КМК ЖЕТЕКШІСІ:

Жердің тоңын айтып отырмыз ҚазГидромет-тің мәліметіне сүйенсек ол 1 жарым метр деп отыр. Бұл деген қалай да үлкен угроза, қауіп бар деген сөз. Бірақ құрылғылар жөндеуден өткізіліп жатыр. Мысалы 2 техникалық, 12 объектіге проектно-сметалық құжаттар жүргізілді күрделі жөндеуге.

Наурызда өзен-көлдерді тікұшақпен бақылау, космомониторинг, жағадағы бөгеттерді көтеру, қар тазалау жұмыстары басталады. Қардың деңгейі тексеріледі. Табиғаттың тосын мінезімен күресуге тура келеді, - дейді мамандар.