Қызылжарда топан судан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлер салына бастады. Солнечный-2 ықшам ауданында барлығы 100 баспана бой көтермек. Бұл мақсатқа “Қазақстан халқына” қорынан 2 миллиард 700 миллион теңге бөлінген. Әр үйдің аумағы 80 шаршы метрден болады. Жергілікті билік нысанды тез арада салып бітіруді жоспарлап отыр. Игі бастамаға 10 компания жұмылдырылды. Айта кетейік, ықшам ауданға инфрақұрылым тартып, уақыт жоғалтпайды. Себебі, бұл жерге жарық пен су желілері былтыр жүргізілген.
Майгүл ЕЛЕМЕСОВА, СҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Құрылыс жұмыстары екі айда бітеді деп күтілуде. Техникалық қадағалауды іске асыратын серіктестік егер құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бір ақауларды анықтайтын болса, онда мердігерлер өз қаражатына бұл үйлердегі ақауларды реттеуге міндеттеледі.