Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанына Президент жолдауда баса тоқталды. Елімізде 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына мүмкіндік туады. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады, - деді Мемлекет басшысы. Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі де айрықша. Соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс істелді. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажеттігі айтылды жолдауда. Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі де қозғалды.
БАЛҒЫН ДОНАЕВА, № 9 Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ІТ ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Маған ұнағаны қазіргі жастардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Өйткені жастар нашақорлықтан, лудоманиядан, вейптан абай болуы үшін қазір заңдар қабылданды. Сол енді заңдарды іске асыру ол мектептің тікелей жұмысы. Өйткені біз қазір мектепте сол балаларды салауатты, .. салауатты жастар өсу үшін біз өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек.