$447.14 €500.35 ₽5.24

Астанадағы JOLTAP жобасының тәжірибесі еліміздің басқа өңірлеріне де енгізілуі мүмкін

AstanaTV
07.10.2026ж. 19:00
Астанадағы JOLTAP жобасының тәжірибесі еліміздің басқа өңірлеріне де енгізілуі мүмкін

Астанадағы JOLTAP жобасының тәжірибесі еліміздің басқа өңірлеріне де енгізілуі мүмкін. Әлеуметтік жоба аясында тұрғындар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімде тегін білім алады. Оқыту 5 күннен 22 күнге дейін созылады, сабақтардың басым бөлігі практикалық бағытта өтеді. Бүгінде жоба бойынша 22,3 мың адам оқудан өтіп, олардың жартысынан көбі жұмыс істеп жүр.  Еңбек министрлігі жоба тәжірибесін зерделеп, өңірлердің кадр қажеттілігіне қарай оны кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлемек.

АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Бүгін біз Жолтап жобасымен таныстық ол Астана қаласындағы іске асырудағы жоба. Жалпы біз бұл жобаны ары қарай іске асыруға жоспарлаймыз. Қазір ол жоба осы біздің министрліктің жеке бақылауында. Біз оны әкімдіктермен бірлесіп, жұмыс жасаймыз.