Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Баласын қоқысқа тастап кеткен оралдық келіншек табылды

AstanaTV
26.04.2018ж. 20:00
2542
Баласын қоқысқа тастап кеткен оралдық келіншек табылды

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен оралдық келіншек отбасылы, 4 баласы бар болып шықты. Енді ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл жайында қалалық ішкі істер бөлімі өкілдері айтты. Қазір Қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес, яғни "жаңа туған сәбиді өлтіру" дерегі бойынша, тергеу амалдары басталған. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Көп балалы әйелдің бұл қылмысты не үшін жасағаны әзірге құпия күйі қалып отыр.

Нұрлан Бисенов, Орал қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары:

Стихийная свалка дейді ғой, стихийная мусорка, соның ішіне лақтырып тастаған. Содан иттер біздің ойымызша, жолға қарай сүйреп алып шығып, иттер мүжіп бастағанда өтіп бара жатқан азаматтар куәгер болып, иттерді қуып, сосын милицияға хабарлаған. Қазір ана өзінің үйінде. Бұл бап бойынша ауыр қылмыс болмағасын, бізбен қамауға алу жөнінде шешім қабылдаған жоқ.

5 наурыз күні шахар маңынан шақалақтың денесі табылған еді. Полицейлер күдікті әйелді келесі күні анықтағанымен, нақты сол екендігін растауға бір жарым ай уақыт жұмсағандарын айтады. Генетикалық сараптама арқылы күдікті келіншек баланың туған анасы екендігі расталған.