Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда 2016 жылдан бастап туристер үшін кепілдендіру қоры құрылмақ

AstanaTV
18.09.2015ж. 20:00
1323
Қазақстанда 2016 жылдан бастап туристер үшін кепілдендіру қоры құрылмақ

Қазақстанда келер жылдан бастап туристер үшін кепілдендіру қоры құрылмақ. Бұл туралы арнайы брифингте Туризм департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеді. Тимур Дүйсенғалиевтың айтуынша, осындай жаңашылдық шетелде жүрген туристерді қорғай алады. Яғни қандай да бір келеңсіз жағдайларда сақтандыру қорындағы қаржы туристерге өтемақы ретінде, олардың далада қалып қоймай, өмір сүрулері үшін берілмек.

Өзге елде қазақстандық туристерді қорғаудың екінші құралы ретінде депозит құру енгізілмекші. Бұл туристердің елге оралуы үшін қажет екен. Мамандардың айтуынша, туристік компаниялардың банктік есеп-шоттарында 3-4 чартерлік рейске жететін қаржы болуы тиіс.

Тимур Дүйсенғалиев, ҚР ИДМ туризм департаментінің директоры:

Сақтандыру кепілдік қорын Қазақстанда әрбір туристен 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алым алу есебінен құру жоспарлануда. Ол қордағы қаржы шетелде келеңсіз жағдайға тап болған туристерге көмек ретінде бөлінеді. Мысалы, егер қонақ үйден шығарып салған жағдайда. Егер заң қабылданатын болса, онда келесі 2016 жылдан бастап қор іске қосылады.

Берік ХАСЕНОВ