$462.36 €493.48 ₽5.99
×

БҚО-дағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасындағы олқылықтар

AstanaTV
18.09.2015ж. 20:00
870
БҚО-дағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасындағы олқылықтар

Батыс Қазақстан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы табыс көзіне айналған. Оқу бітірген соң туған ауылына оралған жас мамандар әке-шешесінің үйін мемлекет ақшасына қайта сатып алған. Ал енді бірі бұл қаржыға көлік мініпті. Мұндай заңбұзушылықтарды облыстық прокуратура қызметкерлері анықтады.

Олардың дерегінше, Ақжайық ауданында осындай 10 оқиға тіркеліп, келген шығын 28 млн 400 мың теңгені құрады. Бұдан бөлек, жергілікті атқамінерлер де дипломымен ауылға қайтқандардың арызын мүлдем қарамай, аяқасты қалдырған. Мәселен, Қаратөбе ауданында 20 жас маманның арызы қаралмаса, Зеленов ауданында 3 маманның көтерме жәрдемақысы төленбеген. Прокурорлар дерегінше, 2014 жылдан бері осындай 86 заңбұзушылық тіркелген көрінеді.

Жаннұр Ахметбек, БҚО прокуратурасының басқарма басшысы:

Бұл жерде әрбір жағдайды жеке алып қараған дұрыс, немесе әрбір жағдайды жеке-жеке зерттейміз. Мойындау керек, бұл жерде заңнаманың жетілдірілмегенінің себебінен, осындай қаражаттың алынуына себеп болған. Сондықтан бұл мәселе бойынша, тиісті заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарымызды жоғары тұрған прокуратураға жолдайтын боламыз.

Еркін КАРИН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах