Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Энергетика министрлігі жыл соңына дейін жылу мен жарықтың тарифі өзгеріссіз қалатынын хабарлады

AstanaTV
18.09.2015ж. 20:00
973
Энергетика министрлігі жыл соңына дейін жылу мен жарықтың тарифі өзгеріссіз қалатынын хабарлады

Қазақстандық тұтынушылар жылу мен жарыққа 20 миллиард теңгеден астам қарыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Қазір министрлік жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп борышкерлердің тізімін жасақтап жатыр. Бірақ қарыздың басым бөлігі бюджеттік мекемелердің еншісінде. 

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы:

Ол мәселені бір күнде шешу қиын. Өйткені әлеуметтік жағдай бар. Бірақ халық көп қарыздар деп айта алмаймыз. Көбі мекемелердің қарыздары. Әрине, оның үкімет алып беруге де міндет емес шығар, бірақ жөндеу мәселесін шешу үшін, Үкімет, әкімшіліктер кірісіп жатыр.

Ведомство өкілі, жыл соңына дейін электр энергиясы мен жылудың бағасы қымбаттамайтынын да айтты. Ал келер жылы электр қуатының көтерме бағасы биылғы жылдың деңгейінде қалады. Және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны енгізу тарифтің көтерілуіне себеп болмайды, - деп сендірді Есімханов. Тіпті тариф төмендеуі де мүмкін. Жыл соңына дейін отынның бағасы да өспейтіні белгілі болды.

Сұңғат Есімханов ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы:

Инфляциялық таргеттеу, девальвация деп жатырмыз. Ол қазіргі кезде отынмен, көмірмен қамтамасыз ету мәселесіне аса әсер еткен жоқ. Өйткені келісімшарттар оның алдында келісілген. Сондықтан көмірмен, тиісті мазутпен - бәрімен қамтамасыз ету жұмыстары басталып кеткен. Екіншіден, оның бағалары жылдың аяғына дейін өспейді деген болжам бар, өйткені олар ірі кәсіпорындар.

Ал бұған дейін жылу энергиясы өндірісі бойынша қызмет ұсынатын «Астана-Энергия» жаңа жылдан бастап жылу бағасын көтеруді сұрап, әкімдікке ұсыныс жолдағанын айтқан едік. Кәсіпорын жылудың бір гигакалориясының босату бағасын 1 484 теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр. Қазір ол көрсеткіш 1 238 теңгені құрайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ 


Алдыңғы жаңалық