Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстан Ресей арқылы украиндық тауарларды тасымалдайтын отандық кәсіпкерлер үшін жасыл дәліз сұрамақ

AstanaTV
08.01.2016ж. 20:00
1382
Қазақстан Ресей арқылы украиндық тауарларды тасымалдайтын отандық кәсіпкерлер үшін жасыл дәліз сұрамақ

Қазақстанға бағыт алған украиндық тауарлар Ресей шекарасынан кері қайтарылды. Шекаршылар 167 көлікті жібермеді. Салдарынан отандық кәсіпкерлер шығынға батты. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері арнайы баспасөз мәслихатында хабарлады. Бірақ комитетте шығын көлемі туралы ақпарат жоқ. Енді отандық тасымалдаушылар тауарын Белоруссия арқылы ғана алып өте алады.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей бұл қадамға 2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, Украина мен Еуропа одағы арасында еркін сауда аймағы күшіне енгеннен кейін, барып отыр. Яғни жауап ретінде Украина тауарларын өз аумағы арқылы өткізбей қойды. Бірақ, өкінішке орай, украиндық тауарларды Ресей арқылы тасымалдап келген отандық кәсіпкерлер бұл тыйым туралы бейхабар.

Қайрат Маубаев, ҚР мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының бастығы: 

167 көлік құралы қазір Ресей-Украина бекеттерінде кейін қайтарылып, олар қазір Белоруссия арқылы транзитпен қайтадан Қазақстанға жөнелтілуі керек. Логистикадан олар қандай қосымша шығын көріп жатқанын қазір айта алмаймыз.

Алайда қазір біздің биліктегілер отандық адал кәсіпкерлерге жасыл дәліз жасау бойынша Ресеймен келісімге келуге тырысып жатыр. Енді Украина тауары алдымен Белоруссиямен өтіп, кейін Ресей арқылы Қазақстанға жетеді. Сондықтан мемлекеттік кіріс комитетінің мамандары тауар құны қымбаттауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ