$498.55 €524.28 ₽4.75
×

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы талқыланды

AstanaTV
11.06.2015ж. 20:00
1119
2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы талқыланды

Астана қаласында «Нұр Отанның» парламенттік фракциясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның Павлодар облысындағы орындалуы мәселесі талқыланды.

Өңір басшысы Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтің 129 түрін жүзеге асыруда. Сыбайлас жемқорлықты туындататын алғышарттарды азайту мақсатында партия мемлекеттік органдардың рұқсаттарды толықтай автоматтандыруға, әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетулерді электронды форматқа көшіруге бағытталға шараларына мониторинг жүргізуде.

Талдау көрсеткендей, бағдарламаны жүзеге асыра бастағаннан бері, өңірдегі қоғам өмірінің барлық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс айтарлықтай қарқындай бастаған. Партияның XVI съезінде Президент Назарбаев елдің одан әрі дамуы және мемлекеттікті нығайту үшін бес институционалдық реформаның маңыздылығын атап өткен болатын.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ