$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Moody's ТМД елдерінің несие төлеу қабілеті тұрақты болатынын болжады

AstanaTV
18.01.2019ж. 20:00
2607
Moody's ТМД елдерінің несие төлеу қабілеті тұрақты болатынын болжады

Биыл ТМД елдерінің несие төлеу қабілеті тұрақты болады. Moody's осындай болжам жасады. Халықаралық ретингтік агенттік шолуына сенсек, ТМД елдерінің экономикалық өсімі тұрақты болады. Ол 3,9 пайызды құрайды деп жорамалданған. Дегенмен, Ресейге қарсы санкцияның күшейтілуіне қатысты қауіп бар. Moody's бұл аймақтағы сауда мен ақша аударымдарына әсер етеді деп болжайды. Сондай-ақ, Ресей мен Украина қарым-қатынасының шиеленісуіне және сыртқы қаржыландыруға байланысты тәуекелдер бар. Агенттік ТМД құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Молдавия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Украинаны қосып отыр.  

Г. Меңдеева