Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан Даму Банкінің басшысы Болат Жәмішев қызметінен кетуге шешім қабылдады

AstanaTV
11.04.2019ж. 20:00
3625
Қазақстан Даму Банкінің басшысы Болат Жәмішев қызметінен кетуге шешім қабылдады

Қазақстан Даму Банкінің басшысы Болат Жәмішев қызметінен кетуге шешім қабылдады. Бұл туралы ол бүгін банк жұмысының өткен жылғы қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сәуір айының соңында қаржы институтының директорлар кеңесі шешімді ресми түрде рәсімдейді. Жәмішевтің айтуынша жақын арада «Цесна» банктің жұмысын қолға алады.Ол қаржы құрылымындағы тәуелсіз директор қызметіне биыл ақпан айында келген еді. Қазақстанның Даму Банкіне дейін Болат Жәмішев қаржы, қоғамдық даму министрлігін сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігін басқарды.  

Болат Жәмішев, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ»АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Бұл « Қазақстанның Даму Банкі» басқарма төрағасы ретінде соңғы баспасөз мәслихатым. Бұл банкті бес жыл бойы басқардым.Осы айда өз қалауыммен қызметтен кету жөнінде шешім қабылдадым.Мен «Цесна Банк»-те де тәуелсіз директор қызметін атқарамын. Енді негізгі жұмысым сонда болады.

З. Санай