Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мұғалімдердің үстеме ақысы екі есе көбейеді

AstanaTV
27.08.2019ж. 20:00
1944
Мұғалімдердің үстеме ақысы екі есе көбейеді

Келесі оқу жылынан бастап дәптер тексеріп, сыныпқа жетекшілік жасағаны үшін мұғалімдерге төленетін үстеме ақы екі есе ұлғаяды. Ол үшін педагогтардың мәртебесін көтеруге арналған Заң жобасы жыл соңына дейін қабылдануы керек. Бүгін Үкіметте жауапты ведомство басшысы осы құжаттың әзірлемесін баяндады. Ал премьер-министр қыркүйектің біріне дейін оны Мәжілістің қарауына ұсынуды тапсырды. Айтпақшы, Заң жобасында мұғалімдерді негізгі міндетінен өзге жұмысқа жұмылдырған тұлғаларға 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған. 

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ :

Мұғалімдерге сәйкес емес іс-әрекетке шақыру, әлде субботниктер дейміз, басқа да іс-шараларға шақыру секілді мәселелерді болдырмау үшін, керек емес әр түрлі есептерді сұратпау үшін, біз осындай шешімге келдік. Және бұл тиісті кодексте қаралатын болады.

Ал 2021 жылдан бастап кәсіби қызметіне енді кіріскен жас мамандар біліктілігін дәлелдеуге міндеттелмек. Бұл да мұғалімнің мәртебесін көтеруге бағытталған тетіктің бірі. Министр Заң жобасын әзірлеу кезінде ұстаздар қауымы мен қоғам белсенділерінен 18 мың ұсыныс түскенін айтты. 

Д. Қайыртай