Келер жылдан бастап ұсынылған жұмысқа кірмеген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек берілмейді. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Өйткені жәрдемақыдан түсетін қаржы күнкөріске жеткендіктен кейбір азаматтар жұмыс істегісі келмейтін көрінеді. Енді көмекке іліккендерге мамандықтарына сай «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыс ұсынылады.
Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Мен осы 2 айдай 15 өңірге барып шықтым. Осы халықпен кездесіп жатқан кезде бір жолы бір шаруа айтады: менің 150 сиырым бар, соған сауыншыға қыз балаларды тартамын, 80-100 мың теңге төлегім келеді, сүттен 20% бергім келеді, бірақ ол кісілер жұмысқа келмейді, - дейді. Жұмысқа бармаса, өзіне тоқтатылады да, бірақ жанұясы, балалары ала береді.
А. Асқарұлы