Алматыда медициналық бетперделерді заңсыз сатпақ болған 8 адам құрықталды. Олардан 2 миллионнан аса медициналық маска тәркіленген. Бұл бір апта ішіндегі арнайы тексерістің қорытындысы. Мамандар заңсыз айналымдағы тауардың жалпы құны 300 миллион теңгеге жуықтайды деді. Қазір бұл деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тәркіленген заттар қаладағы ауруханаларға жіберіліпті.
Жақсылық МЫРЗАХАН, АЛМАТЫ қ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бұл азаматтарға қатысты ҚР ҚК 214 бабы яғни, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу бабымен қылмыстық істер тіркелген болатын. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы азаматтарды қазіргі ТЖ кезінде мұндай алып сатарлықпен айналыспауға шақырамыз.
А. Кемелжан