Шымкентте бюджеттік мекемелер үшін жылу тарифі қымбаттайды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Сала жауаптылары бұған табиғи отын құнының 6 пайызға өсуі себеп деп отыр.
Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
Табиғи
газдың негізінен жылу энергиясын өндіруші негізгі отын есебінен болғандықтан, биылғы жылға жылу тарифінің өзгеру мәселесі қаралды, 9-11 пайыз төңірегіндегі.
Ол мәселеге келетін болсақ, бүгінгі
таңдарда негізгі өзгерістер бюджеттік мекемелерге қатысты болады. Тұрғындар мен
басқа да заңды тұлғаларға оның қатысы жоқ.