Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Павлодар облысындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері «Қазэнергокабель» зауытын аралап көрді

AstanaTV
21.09.2017ж. 20:00
2268
Павлодар облысындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері «Қазэнергокабель» зауытын аралап көрді

Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылында орналасқан балалар үйінің тәрбиеленушілері аймақтағы ірі өндіріс ошағы «Қазэнергокабель» зауытының жұмыс барысымен танысты. Шараны «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырды. 

Бұл саяхатты балалар асыға күткен. Олардың пікірінше, мұндай экскурсиялар өте қажет. Туған өлке жайлы тұшымды ақпарат алып, болашақта мамандық таңдауына да оң әсері болмақ. Балғындар кәсіпорында түрлі-түсті сымдардың дайындалу барысын тамашалады. Тәжірибелі мамандардан жаңа технологиялар жайлы естіп білді. Кәсіпорын кабельдік-өткізгішті өнімдер мен алюминий катанкалардың 7 мыңға жуық түрін өндіреді. Қазақстаннан бөлек, Ресей мен Қытайдан тапсырыс көптеп түседі.

Оксана Петрова, Кенжекөл ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі:

«Қазэнергокабель» зауытында сымдарды шығару барысымен таныстық. Бұл кабельдерді күнде даладан көріп жүрміз ғой. Енді оның қалай жасалатынын білдік. Бәрі өте ұнады, керемет.