Қызылорда облысында сәби өлімі көбейген. Аймақтағы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 11 айда бір мың нәресте дүниеге келсе соның 200-і шетінеп кетіпті. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстарғанда 30 пайызға жоғары. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жиі шетінеуіне ана денсаулығы әсер еткен. Өңірде диспансерлік есепке алынған әйелдер саны биыл былтырғы жылдан 16 пайызға жоғары.
Анар ШҮКІРОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әйелдердің денсаулық индексна, әйелдердің аурушаңдығына байланысты перенаталды кезеңде балалардың аурушаңдығына байланысты көтеріліп отыр. Осы бағытта жұмыстар жасап жатырмыз.
М. Тоқтасынқызы