Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Коронавирусқа қарсы салынған отандық вакцинадан қайтыс болған адамға 500 мың теңге төлене ме?

AstanaTV
18.01.2021ж. 20:00
3604
Коронавирусқа қарсы салынған отандық вакцинадан қайтыс болған адамға 500 мың теңге төлене ме?

Коронавирус бойынша жағдай күрделене түсті. Өткен тәулікте Қазақстанда індет жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сенсек, кесел мыңнан астам адамнан табылыпты. Сонымен бірге, әлеуметтік желіде отандық вакцинадан қайтыс болған адамға 500 мың теңге төленеді деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Әріптесім Асылбек Данияр анықтап көрді.

Ақмола, Атырау, Батыс пен Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. Мұның барлығы коронавирустың таралуы бойынша "қауіпті қызыл" аймаққа кірген өңірлер. Қалған аймақтар "сары" және "жасыл" белдеуде. Елдің бас санитарлық дәрігері мұны індеттің екінші толқынымен айланыстарған еді. Республика бойынша COVID-19-ға шалдыққандар саны былтырдан бері 170 мыңға жуықтапты. Ресми дерекке сәйкес, дертке шалдыққан 25 мыңдай науқас емделіп жатыр.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:


Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан ауруханаларда 6570, амбулаториялық деңгейде 18 305 пациент ем қабылдап жатыр. Науқастардың арасында 294 адамның жағдайы ауыр, 60 науқастың өмірі қыл үстінді. Сондай-ақ, 40 адам өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.

Жұқпалы дертті жұқтырғандар арасында танымал адамдары да бар. Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды. Ал, кеше ғана әнші Мейрамбек Беспаевтың жағдайы ауырлап, ауруханаға түскен.

Сәкен МАЙҒАЗИЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Қазақтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қан қысымы қатты көтеріліп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Аллаға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы - дұға. Әбіләшімұлы Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы.

Отандық вакцинаны сынақтан өткізуге еркітілер тартылмақ. Егер екпе кері әсер беріп, қайтыс болу жағдайы тіркелсе, еріктіге 500 мың теңге мөлшерінде қаражат беріледі. Кейбір дерек көздері, осындай ақпарат таратты. Дегенмен, тиісті министрлік мұны жоққа шығарғанымен, баспасөз хабарламасы былай дейді:

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ:

Халықаралық талаптарға сәйкес еріктілер клиникалық сынаққа қатысуға өз еркімен келісімге қол қояды. Ақпарат құпия сақаталады. БАҚ өкілдері де екпе салғызған адамдардан бұл деректі біле алмайды. Айта кету керек, вакцинаның 1-ші, 2-ші фазасында, яғни клиникалық зерттеулердің нәтижесі - препараттың адамдарға қауіпсіз екенін көрсетті.

Ал, халық саны мен індетті жұқтырған елдер арасында да екінші орында тұрған - Үндістанда жаппай вакцинациялау басталды. Жоспар бойынша, алдағы уақытта 300 миллионнан астам адам, яғни әрбір бесінші үндістандыққа екпе егіледі. Тұрғындарға Британдық және Ресейлік екпе салынады.  

Линет СЕЗАН, МЕДБИКЕ:

Мен вакцина қабылдағаныма қатты қуанып тұрмын.  Денсаулығым қалыпты, өзімді жақсы сезінемін.  Шаршау немесе ауырсыну сияқты белгілер байқалмайды.

Әлемдегі COVID-19-дың статистикасына көз салсақ: індет жұқтырғандар саны 94 миллионға жуықтаған. Ауру құрбандары болса 2 миллионнан асты.

А. Данияр, А. Сюмбаева