Рудный қаласында 87 жастағы кейуананы өз пәтерінде өлтіріп кеткен. Полиция дерегінше, денесінде зорлық белгілері бар. Жедел-іздестіру нәтижесінде Бейімбет Майлин ауданының тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы жігіттің зейнеткерді неге өлтіргені әзірге белгісіз.
Нұржан ӘКІМБЕКОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
З. Санай