$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Рио-де-Жанейро расында алыс...

AstanaTV
18.06.2016ж. 20:00
1869
 Рио-де-Жанейро расында алыс...

Илья Ильин, Сватлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло, Майа Манеза Лондон Олимпиадасының алтын медальдарынан айырылып, тамызда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жіберілмеулері мүмкін. Екінші рет жасалған допинг-сынақ оң нәтиже көрсеткен. 


Елдің сүйіктісі Илья Ильин инстаграммдағы парақшасында аспаннан жай түскендей болғанын жазды. -
Кінәм жоқ. Соңына дейін күресемін,- деген. Қолдайтынымыздан үміттенеді. Ел қолдап та отыр...

Илья Ильин, ауыр атлетикадан екі мәрте Олимпиада, төрт мәрте әлем чемпионы:

Мен Риодағы Олимпиадаға дайындығымды жалғастырып жатырмын және соңына дейін баруға ниеттімін. Спорт жетекшілері процеске барынша кірісті, маусымның аяғына дейін нәтиже белгілі болады. Олимпиадаға қатысуға өтініш беру үшін менде шілденің ортасына дейін уақыт бар. Маған тағылған айыптардың ақылға сыймайтынын, мағынасы жоқтығын дәлелдей аламыз деп ойлаймын.

Илья Қызылордада «Олимпиадаға спортшы ретінде қатыспасам да, бапкер ретінде қатысамын» деп, жігері ешқашан құм болмайтынын кезекті рет байқатты.

Илья Ильин, ауыр атлетикадан екі мәрте Олимпиада, төрт мәрте әлем чемпионы:

Не попадём на помост - так выйдем, как тренер, как духовный вдохновитель. Потому, что в любом случае: моя команда - это моя команда. Они сейчас готовятся к Олимпийским играм. Я думаю, мы сделаем максимум для страны и принесём медаль. Скажу, что я работал честно. Я работал и днём, и ночью. Каждый мог прийти в спортзал и увидеть, как я работаю. Я считаю, что просто не могут выиграть на помосте, не могут сделать так - сделали по - другому. Ничего страшного. Я молодой, переживу,  встану на помост и ещё раз выиграю.

 Спортшылардың қанынан станозолол тапқан. Кезінде бәйге аттарына берген препарат. Күш пен шыдамдылықты арттырады. Спортта тыйым салынған. Сонымен бірге Чиншанлодан бұлшық еттерді өсіретін тағы бір дәрі – оксандролон элементтерін, ал Ильиннен бұлшық еттерді өсіріп, жоғалтпауға ықпалдасатын  дегидрохлорметилтестостерон тапқан.

«Таңқалатының» Дүниежүзілік Допинге қарсы агенттік тыйым салынған препараттарды 2012 жылы қалай байқамаған? 

Ольга Шишигина, Сидней-2000 олимпиадасының чемпионы, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Не может так быть, у нас во всем мире столько проб положительных.
Бүкіл әлемде осынша сынақтың оң нәтиже көрсетуі мүмкін емес. Онда бәрі тап-таза дейді. Алайда мысалы, лаборант қандай да бір концентрат төгіп алуы немесе құйып жіберуі мүмкін ғой?!

То есть какой-то политический заговор?

Возможно да. И поэтому то, что будем говорить, у нас идет с Россией. От России на другие страны идет волна. Я думаю, это идет волна какой-то нечестности.

Профильді мекеме Ильин айтқандай, соңына дейін барамыз деп отыр. Маусымның 27-де Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы спортшыларымыздың мәселесін қарайды – Лондон медальдарын алып-алмауды, Риоға жіберіп-жібермеуді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: 

Комитеттің шешімінен кейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы шешім қабылдайды. Қай спортшының жарыстардан шеттетілгенін, қанша мерзімге шеттетілгенін содан кейін барып айта аламыз. Оған дейін ешкімнің баға беруге қақы жоқ. Біз спортшыларымызды жан-жақты қолдап, заңдық және моральдық көмек көрсетеміз. 

Егер зілтеміршілер алтын медальдарынан айырылса, ол медальдарды сол кезде екінші орын алған ресей штангистері алады. Мысалы, Александр Иванов. Өткенде Қазақстан чемпионатында қазақстандық спортшы Владимир Седов деген алаңға әлгі Ивановтың суреті бар футболкамен шығып, «міне, нағыз Олимпиада чемпионы» деп айғай салып,  елдің ызасын туғызған.

 Спортшылармыздың допинг-дауға іліккенінен саясаттың «сасық исі» мүңкитіні, жалпы перпарат қолданбайтын спортшы болмайтыны айтылып, жазылып жатыр. Ольга Шишигина, ауруды басатын дәрілерге дейін тыйым салынып жатқанына тоқталып, сонда спортшылар монстр – құбыжық, темір адам ба? -деп, ашуланады. Ол Допингке қарсы дүниежүзілік агенттіктің жұмысына көптеген елдердің оның ішінде Еуропа елдерінің көңілі толмайтынын айтты. Кемсітушілік бар. Мысалы, агенттік америкалықтарға «жылы қабақпен» қарайтынына меңзеді.

Ал аптаның соңында - жұмада осы жағдайға байланысты ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни комментарий берген, былай дейді:

Алексей Ни,  Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері:

 Бірнәрсеге қолың жетейін деп тұрғанда, біреулерге кедергі келтіре бастағаныңда сенімен күресе бастайды. Әділетсіз күрес. Әйтпесе мен осының бәрі өтініш беруге бір ай қалғанда болып жатқанын түсіндіре алмаймын. Қазір бізде қысқа мерзімде секіріп жүріс жасайтын мүмкіндік көп те емес...

Бұл неге жасалып жатыр, артында кімдер тұр, мен білмеймін. Мен саясаткер де, экстрасенс те емеспін. Мен ешнәрсеге қарамай, спортшыларды дайындайтын жаттықтырушымын. Барлығы жаттығып жатыр, біздің пайдамызға шешіледі деп үміттенеді. Егер біздің спортшылар Олимпиада ойындарына жіберілмесе, біз тоқтамаймыз – Лозаннадағы төрелік сотқа жүгінеміз. Мен соттың ақтаған шешімін алған талай спортшыны білемін. Алайда жарыстарды ешкім тоқтатып қоймайды... Дегенмен, осыларға қарамай, біз өзіміздің ақ екенімізді дәлелдеуге ниеттіміз. Мұндай жағдайлар қайталанбау үшін...

Үміт ең соңында сөнеді, дейді. Бірақ Нидің сөзін тыңдасақ... Жо-жоқ, «үміт» деген сөзді ол да айты. Бірақ шоғы жоқ үміт...