$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астана күнінде Алматыда ерекше зообақ ашылды

AstanaTV
06.07.2016ж. 20:00
2967
Астана күнінде Алматыда ерекше зообақ ашылды

Астана күніне орай Алматыдағы хайуанаттар бағының ішінен ерекше зообақ ашылды. Мұнда келушілер 20-ға жуық жануармен жақын танысып, тамақтандыра алады. Олардың арасында таутайлақ, аласа жылқы, қоян, кірпі, атжалман, тасбақалар мен тотықұстар. Аң-құстармен жақынырақ танысқан жұртшылықтың әсерімен тілшіміз бөліседі.

Алматылық Бекжан Атақұлов аң-құсқа үйір жан. Жаңадан ашылған шағын зообақты көруге отбасымен арнайы келген. Әдетте теледидардан ғана, ал зообақтарда торда тұрған жануарларды алыстан тамашалап келгенін айтады. Енді бүгін оларды жақыннан немерелеріне таныстырып жүр. 


Бекжан Атақұлов, Алматы қаласының тұрғыны:

Өте жақын жерден көрген балаларға қызық болып жатыр. Алыстан көрген эффект басқа, жақыннан көріп, сипап көрген  қызық болып жатыр. Табиғатқа жақын болу керек ғой балалар.

Зообақтағы жұртшылықтың назарына ұсынылған жануарлардың дені адамдарға қауіп төндірмейді. Көбі адамға үйретілген үй жануарлары.

Әйгерім Жақсылық, Жанасқан зообағының меңгерушісі:

19 жануар бар. Басым бөлігі қолға үйретілген. Балалар әсіресе төрт түлік малдарымен ойнап, қояндарды қолына алып ерекше мәз. Алдағы уақытта біз олардың қатарын экзотикалық жануарлармен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ келесі аптада жыландар мен павлиндерді көрсететін боламыз.

Айгүл Ермахан, тілші:

Мұнда келген қонақтарға жануарларды қоректендіруге мүмкіндік берілді. Тек азықты үйден емес, зообақтан арнайы сатып аласыз.  Құны 500 теңге. Бұл жануарлардың қауіпсіздігі үшін жасалған.

Мереке күнінде ашылған ерекше зообақ келем деушілерді алдағы аптада да тегін қабылдамақ. Ұйымдастырушылар тіпті жаңа оқу жылында зообақты жылжымалы етіп, мектеп оқушыларына көрсетуді жоспарлап отыр.

Айгүл ЕРМАХАН