Тұңғыш Президент -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар толассыз келіп жатыр. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов және Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген жылы лебіздерін білдірді. Олар қазақ еліне бақ-дәулет, үздіксіз даму, жетістік тілеген. Шетелдік көшбасшылар еліміздің жан-жақты әріптестік рөлін айқындап, серіктестікке қосқан үлесі үшін алғыс айтқан.
Ә. Дүкембаева