$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«AMANAT» партиясының кезектен тыс съезіне өңірлерден келген делегаттар келелі жиыннан не түйді?

AstanaTV
06.10.2022ж. 20:00
1589
«AMANAT» партиясының кезектен тыс съезіне өңірлерден келген делегаттар келелі жиыннан не түйді?

«Тарихи сәттің куәсі болдық». «AMANAT» партиясының съезіне өңірлерден келген делегаттар осылай деді. Партия белсенділері саяси тұғырнама халық игілігі үшін жасалған дейді. Айтуларынша, енді тұрғындардың тұрмысы едәуір жақсара түспек. Осыған дейін съезден күтеріміз көп деген делегаттар келелі жиыннан кейін не түйді? Келесі бейнематериалда.

Алматыдан осы съезге арнайы келген делегат Сана Жандай – қалалық мәслихаттың депутаты. Ол осыған дейін бізге берген сұқбатында бұл жиын жарқын эмоцияға толы болады деп үміттенемін деген еді. Партия мүшесі бүгін күткенінен де ауқымды жиын болғанын айтты. Съезден соң жұмыс істеуге жаңа серпіліс пайда болды дейді.

Сана ЖАНДАЙ, АЛМАТЫ қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мен мұндай ауқымды жиынға бірінші рет қатысып тұрмын. Съезде айтылған пікірлер мен ұсыныстардың барлығы халық игілігі үшін жасалып жатыр. Бұл – жұмыс істеуге деген талпынысты арттыра түседі. Жаңа саяси тұғырнама қабылданды. Құжат өзекті мәселелердің шешімін табуға көмектеседі.

Жетісу облысы, Панфилов ауданынан келген Ризван Сакиова да, партия мұндай ауқымды съезіне алғаш рет қатысып отыр. Ол халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған саяси құжаттың қабылданған тарихи сәтінің куәгері болғанын мақтан тұтады.

Ризван САКИОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бастауыш ұйымдарда, аудандарда талқыланып, бүгін осы тұғырнаманы қабылдадық. Осы тұғырнаманың мемлекет басшысының реформаларын қабылдауда, қолжеткізуде жүзеге асыру үшін, бұл тұғырнаманың маңызы зор. Сол тұғырнаманы жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Ал Нұрлан Рақымжанов – Орал қаласынан келген делегат. «AMANAT» партиясының съезінде қаралған саяси тұғырнаманың қазақ тілінде бекітілгенін ерекше атап өтті. Әрі бұл тарихта болмаған жағдай деді.

Нұрлан РАҚЫМЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Саяси тұғырнаманың негізгі бағыты – адам, қоғам және мемлекет. Енді мемлекет халық болмаса, адам болмаса мемлекет болмайды. Бұл саяси тұғырнаманың басты бағыты – адамға, жалпы елдегі халыққа ыңғайлы жағдай жасау. Солардың мұң-мұқтажын, мемлекетпен, билікпен жұмыс жасау. Яғни, бірлікке шақыру. Және де бұл саяси тұғырнаманың мені бір қуантатын жағдайы – мемлекеттік тілде, қазақ тілінде бекітілуі.

Келелі жиынға аймақтардан 700 делегат қатысты. Олар съезде көтерілген мәселелер халық пен мемлекет арасын жақындастыратынын айтты. Қабылданған шешімдер партия үшін тұрғындар тілегінен артық құндылық жоқ екенін дәлелдеді деді.

А. Задабек