$487.24 €529.34 ₽5.02
×

«Халықтың әділдікке деген үміті азая бастады», - Президент

05.04.2023ж. 20:00
749
«Халықтың әділдікке деген үміті азая бастады», - Президент

Халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған төраға Асхат Жұмағалиды таныстырды. Агенттіктің жаңа басшылығы мен жеке құрамына бірқатар міндет жүктеді. Жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою маңызды екеніне назар аударды.