$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Карьер жыры: қаражарлықтар "AMANAT" партиясынан көмек сұрайды

11.09.2023ж. 20:00
795
Карьер жыры: қаражарлықтар "AMANAT" партиясынан көмек сұрайды

Елорда іргесіндегі Қаражар елдімекенінің тұрғындары ауылдан береке кетті деп наразы. Айтуларынша, жарық пен су жиі тоқтайды, қоғамдық көліктерді ұзақ күтіп шаршаймыз дейді. Мал бағатын жайылым да жоқ екенін айтады. Оның орнына өнеркәсіптік карьер көбейген. Тұрғындар осы мәселелерді айтып, "AMANAT" партиясынан көмек сұрап отыр.

Күлшат БЕКОВА, ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жарық жоқ. Жарықпен жеке ұйымдар айналысады. Біз кабельді сатып алдық, 500 000 төледік. Енді бәрібір де жарық кей кезде болмай қалады. Столбтар құлайды.Қалай болса, солай істелінген. Алдынан келген кісілер болды 15 жылдан бері жарықсыз отырмыз дейді. Жол мәселесі де бар, автобустар жетпейді, орта жолда тастап кетеді. Балалар жол жөнекей көлік ұстап жұмысқа баруға мәжбүр.

Жасұлан ТӨЛЕГЕН, ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына жердің шаңын қопарғанда далаға бала шыға алмайды. Терезе аша алмайсың. Жуған кіріңді жая алмайсың. Көрдіңіз ба, ол біріншіден. Екіншіден олар заңды бұзып отыр. Қазіргі заң бойынша олар 1 км.ауылдың шекарасынан әрі болу керек. Олар оны бұзып тұр 500 метрден қазып жатыр.

 Тұрғындардың баспаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Бірақ, оған құлақ асып жатқан ешкім жоқ дейді. Мұны енді "AMANAT" партиясы қолға алды. Қаражарлықтарға көмек беру үшін арнайы жол картасын әзірлейміз деді.

Болат КЕРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз осы жердегі Ақмола облысынан сайланған депутаттар, мәжілістегі бірнеше депуттар келіп осы "AMANAT" партиясының орталық аппаратымен қазір осы мектепке кіріп арнайы жол картасын дайындаймыз аудан әкімдігімен бірлесіп. Ол жерде жиналған мәселелерді тізбектеп, кім, неге жауапты және қай кезде шеше аламыз. Нақты уақытын көрсетейік деп отырмыз.