$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Ең қиыны – ерте тұру": Рэп орындаушы Yenlik күйеуі мен отбасылық өмірі туралы айтты

AstanaTV
17.11.2023ж. 19:28
780
"Ең қиыны – ерте тұру": Рэп орындаушы Yenlik күйеуі мен отбасылық өмірі туралы айтты

Жастар арасында кеңінен танымал рэп орындаушы Yenlik тұрмыстағы өмірін айтып берді. Алғаш рет жолдасы туралы да біраз құпияның бетін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Әншінің айтуынша, жолдасы да өнерден алыс емес.

“Жұбайыммен продюсер таныстырды. Менің “Бипыл” әнімнің бейнебаянына түсіруге көмектескен болатын. Содан кейін таныстық. Басында дос болдық. Кейін уақыт өте келе ол менің керемет екенімді түсінді. 26 жасымда тұрмыс құрдым. Мен сияқты шыққан қыздарға жаңа отбасыға үйреніп кету оңай деп айта алмаймын. Ең қиыны – ерте тұру. Ұйқы режимін бұзып алдым. Бірақ тұрып жүрмін. Тамақ тек екі рет қана жасадым. Жолдасым менің графигімді жақсы түсінеді. Өнерімді тастап кетпейтінімді де біледі. Бақыттымын", – дейді рэп орындаушы.

Еңліктің жолдасы Таңатар қоюшы-оператор. Ол өзі былай дейді:

“Жасым 27-де. Қазір қоюшы-оператормын. Болашақта режиссер болғым келеді. Шығармашылықпен үш жылдан бері айналысамын. Мектепте оқып жүргенде тойда фотограф болып жұмыс істегенмін. Кейін love-story түсіре бастадым. Жанымдағы достарыммен деректі фильм, жарнама, бейнебаян түсіре бастадым. Ең алғашқы түсірген жобам – Darkhan Juzz-дың бейнебаяны. Маған осындай шығармашылық өмір ұнайды”, – дейді болашақ режиссер.