$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Семейліктер қыспен қайта қауышты

AstanaTV
20.05.2014ж. 20:00
957
Семейліктер қыспен қайта қауышты

Семейліктер қыспен қайта қауышты. Шығыс Қазақстанда ауа температурасы минус 3 градусқа түсіп, аймақты ақ ұлпа қар басты. Көктемнің соңғы айы болғанымен, шығыста жадыраған жаздың белгісі байқалар емес. Кеше Семей қаласына ызғарлы суық келіп, қар түсті. Табиғаттың тосын мінезінен жергілікті тұрғындар абдырап қалды. Ауа-райын болжаушылардың дерегі де көңілге қуаныш ұялата қоймады. Өңірде қара суық мамырдың 23-не дейін сақталады дейді. Тіпті шілденің өзінде шіліңгір ыстық болады дегенге күмәнмен қарайтындарын жасырмайды.

Надежда Говоркова, ШҚО «Қазгидромет» орталығының инженер-синоптигі:

Табиғаттың мұндай тосын мінезі солтүстіктен келген суық ауа салдарынан болып отыр. Мұндай суық ауа температурасы біраз уақыт сақталып тұрады. 20-сы мен 23-і аралығында түнгі температура -3 градус деңгейінде сақталады.

Қанат ОРАЛБЕК